Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

11.08.2022
Жаңалықтар, Саясат

Президент Абдулла Шахидке ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейту жолында оның бұл сапарының маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық бейбітшілікті, қауіпсіздік және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі Дүниежүзілік ұйымның айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар Абдулла Шахидтің БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымындағы белсенді қызметін жоғары бағалады.

«БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы – барша адамзат үшін ең қажетті шешімдерді ұсыну мақсатымен басшылардың сындарлы жағдайда бас қосуы үшін бірегей мүмкіндік. Біз осы маңызды іс-шараны нәтижелі өткізу үшін Сіздің қосып отырған үлесіңізді құрметтейміз»,– деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы елімізге, Орталық Азияға алғаш рет келгенін айтып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 30 жылдық кезеңдегі көпжоспарлы әріптестіктің деңгейіне көңілі толатынын жеткізді.

Сондай-ақ Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып отырған ауқымды реформаларды, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдумды жоғары бағалады.

Абдулла Шахидтің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан реформалар Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуы мен азаматтық қоғамның дамуын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 13-15 қыркүйекте елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтетініне тоқталып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдау көрсететіне алғыс білдірді.

Абдулла Шахид Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынын маңызды алаң деп атап, съездің мәртебесін жоғары бағалады.

Оның айтуынша, әлем елдерінде көп жағдайда түсінбестік адамдардың наным-сеніміне қарай кемсітуінен туындап жатады. Осы орайда БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы діни көшбасшылардың жетінші съезінде рухани жетекшілердің әлемдік бейбітшілікті насихаттауы басты тақырып болатынына сенім білдірді.

Тегтер: ПрезидентТоқаев

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz