Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары барысында Шелек ауылындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысымен танысты. Өңір басшысы аурухана, мектеп, тұрғын үй, саябақ және жол жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алдымен облыс әкімі жаңадан бой көтеретін аудандық аурухананың құрылыс алаңына барды. Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, ал жыл соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарланған. Жалпы аумағы шамамен 8,5 мың шаршы метр болатын ауруханада бас корпус, инфекциялық бөлім, шаруашылық блогы және оларды байланыстыратын галерея қарастырылған. Жоба іске асқаннан кейін медициналық мекеме бір мезетте 300-ге жуық адамды қабылдай алады.

Марат Сұлтанғазиев аурухана маңындағы жол қозғалысы, автотұрақ пен тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды. Оның айтуынша, жоба көлік қатынасы мен науқастардың емханаға қолайлы қатынауын толық қамтамасыз етуі тиіс.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім беру нысандарын да аралады. Соның бірі – Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп. Негізгі жөндеу жұмыстары 95 пайызға аяқталғанымен, мектеп жанынан салынып жатқан жаңа корпус әлі дайын емес. Жаңа ғимаратта спорт залы, мәжіліс залы мен асхана орналасады және ол негізгі корпуспен галерея арқылы жалғасады.

Өңір басшысы құрылыс қарқынын күшейтіп, аумақты көгалдандыруды, суару жүйесін орнатуды, қоршауды ретке келтіруді және мектепті сапалы жиһазбен әрі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

Сапар барысында Розыбакиев атындағы орта мектептің де жағдайы қаралды. 1975 жылы салынған білім ордасында осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Нысанға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенімен, оның құны қайта қарауды қажет етеді. Аймақ басшысы бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттігін айтып, жобаны қайта пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев А. Шымболатов атындағы орталық саябақтағы жұмыстардың баяу жүріп жатқанына назар аударды. Бұған дейін берілген тапсырмаларға қарамастан, көгалдандыру, суару жүйесі мен балалар ойын алаңын салу жұмыстары басталмаған. Осыған байланысты аудан әкімдігіне жобаны жеделдетіп, құрылысты қысқа мерзімде бастауды міндеттеді.

Облыс әкімі ауылдағы жол жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. Қазіргі таңда бірнеше көшеде асфальт төсеу, тротуарлар мен арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен өңір басшысы жұмысшылар санының жеткіліксіз екенін айтып, мердігерлерге алдымен негізгі көшелердегі жұмыстарды толық аяқтап, кейін ғана басқа учаскелерге көшуді тапсырды.

Жұмыс сапары аясында 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы да қаралды. Жалпы саны 120 пәтерден тұратын үйлер 2024 жылы пайдалануға берілуі тиіс болғанымен, құрылыс толық аяқталмаған. Бұрынғы мердігермен келісімшарт бұзылып, жаңа компания жұмысқа кіріскен. Алайда қазіргі уақытта нысандардағы құрылыс тоқтап тұр.

Марат Сұлтанғазиев мердігерге келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді уақытында орындау қажеттігін ескертіп, егер белгіленген мерзімде құрылыс аяқталмаса, мердігерді ауыстыру мәселесі қаралатынын айтты.

Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі барлық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тұрғындардың өмір сапасын арттырудағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Көлсай көлдерінде аттан құлаған туристер құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Алматы облысында инвесторлардың құқығын бұзған 18 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Марат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz