Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Маңғыстауда жаңбыр арты селге ұласып, көліктерді ағызып әкетті

Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласынан 68 шақырымдағы «Көгілдір айлақ» теңізінің жағалауында демалып жатқан адамдар мен олардың автокөліктері нөсер жауыннан пайда болған селдің астында қалып қойды. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

24.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

 «24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы шақырту алдық. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі — бала», — деді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.

Қарғын судан 6 автокөлік шығарылған. Эвакуациалау жұмыстарына С. Шапағатов ауылдық округынан да арнайы техникалар жұмылдырылған. Айта кетейік, 23 шілдеде Маңғыстау облысында нөсер жауын жауған еді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Тегтер: Маңғыстау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz