Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мамырда картоп пен сәбіз қымбаттады

Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылдың мамырында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы әртүрлі бағытта өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2025
Жаңалықтар
Lavc57.15.100

Lavc57.15.100

Министрлік мәліметінше, кейбір өнімдер арзандаған. Атап айтқанда, 27 мамырдағы дерек бойынша бір апта ішінде қырыққабаттың бағасы 3,4%-ға, жұмыртқа – 0,7%-ға, қарақұмық, макарон және күнбағыс майы – 0,1-0,2%-ға төмендеген. Нан мен күріштің бағасы өзгеріссіз қалған.

Сонымен қатар, бірқатар тауарлардың бағасы өскені байқалды. Бір аптада сәбіз – 4,2%-ға, картоп – 2,8%-ға, пияз – 2,5%-ға, тұз – 1,6%-ға, сүзбе – 0,8%-ға, сүт пен қант – 0,3%-ға, май, сиыр еті және тауық еті – 0,2%-ға, ал ұн мен айран – 0,1%-ға қымбаттаған.

Жалпы, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі 6,8%-ға өскен.

Бағаны тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, Қытай, Пәкістан және Өзбекстаннан ерте пісетін көкөністер жеткізу жолға қойылды. Қазіргі таңда Астанада министрліктің қолдауымен «ҚТЖ Экспресс» АҚ жеткізген 50 рефрижератор контейнер картоп түсіріліп жатыр. Бұдан бөлек, ішкі нарықты толықтыру үшін қосымша 45 мың тонна картоп пен 4 мың тонна қырыққабат импортталған.

Тегтер: бағақымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz