Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Маймыл шешегі: ДДСҰ жаһандық төтенше жағдай жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазір 75 елде аталған ауруға 16 мыңнан астам адам шалдығып, 5 адам көз жұмған.

«Біз аз зерттеген бұл дерт бүкіл әлемге тез тарап кетті. Сондықтан маймыл шешегі жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдай деп есептеймін», — деді ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус.

Қазір ДДСҰ індетті жаһандық денсаулыққа қауіп ретінде қарастырады, сондықтан вирустың одан әрі таралуын және ықтимал пандемияның алдын алу үшін келісілген халықаралық әрекет қажет.

Қауіптің бұл деңгейі елдердің үкіметтеріне міндетті талаптар қоймайды, бірақ шұғыл әрекетке шақырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзіне мүше мемлекеттерге тек нұсқаулар мен кеңес бере алады және жаһандық денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.

ДДСҰ бағалауы бойынша, маймыл шешегінің таралу қаупі жаһандық деңгейде орташа. Ал Еуропа жерінде қауіп жоғары болып отыр.

Тегтер: ДДСҰмаймыл шешегі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Боралдайда құрылысқа қажетті металл құбырлар шығарылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Қараойда жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр: ауыл қауіпсіздігі қалай күшейеді?

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Алматы облысында 61 саяжай кооперативі ауыл шекарасына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Байсеркеде газдандыру мен жаңа аллея салу мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz