Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Қазақстанда құмар ойынға тәуелділер саны 700 мыңға жетті

2026 жылғы 3 маусымда Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев лудомания мәселесінің ушығуына байланысты Үкіметке депутаттық сауал жолдап, құмар ойынға тәуелділік ұлттық деңгейдегі күрделі проблемаға айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026
Жаңалықтар

Депутаттың айтуынша, азаматтық секторда ұлт денсаулығына тікелей әсер ететін бірқатар түйткілді мәселелер әлі күнге дейін өзекті болып отыр.

«Сарапшылардың зерттеулеріне сәйкес, бүгінде елімізде құмар ойындарға тәуелді адамдар саны 700 мыңға жеткен. Бұл жай ғана статистика емес, ұлттық деңгейдегі проблема деп бағалауға болатын күрделі жағдай. Осы 700 мың адамның артында күйреген отбасылар, жоғалған уақыт, қаржылық шығындар және қордаланған әлеуметтік мәселелер тұр. Біз құмар ойын бизнесін заңдастырып, одан табыс табамыз деп ойлаған кезде көптеген адамның тағдырына зиян келді, мыңдаған бала ата-анасының тиісті қамқорлығынсыз қалды. Сондықтан бұл мәселені терең зерттеп, азаматтарды ойын тәуелділігінен құтқару уақыты келді», – деді Нұрлан Әуесбаев.

Мәжіліс депутаты қазіргі таңда құмар ойынға тәуелді азаматтарға көрсетілетін медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмектің көлемі мәселенің ауқымына сәйкес келмейтінін атап өтті.

Оның сөзінше, 2024–2026 жылдарға арналған лудоманияға және заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар аясында мемлекеттік оңалту және көмек бағдарламаларымен небәрі 300 адамды қамту көзделген.

«Мұндай көрсеткіш мәселені шешуге де, оның алдын алуға да жеткіліксіз. Егер азаматтарды оңалту мен алдын алу шараларын шұғыл түрде күшейтпесек, жастарды бұл тәуелділіктен құтқару қиын болады», – деді депутат.

Сонымен қатар ол криптовалюталарды пайдаланатын шетелдік заңсыз онлайн-платформалардың қызметі үлкен қауіп төндіріп отырғанына назар аударды. Оның айтуынша, Қазақстанда «дроп-карталар» мен жалған төлем шоттары арқылы жүзеге асырылатын қаржылық схемалар кең таралып келеді.

Сарапшылардың бағалауынша, заңсыз ойын бизнесінің қаржылық айналымы бүгінде 500 миллиард теңгеден асып кеткен. Бұл өз кезегінде мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, көлеңкелі экономиканың дамуына ықпал етеді.

Жағдайды жақсарту мақсатында депутат бірнеше ұсыныс айтты. Атап айтқанда, лудоманияға қарсы кешенді жоспардағы мақсатты көрсеткіштерді қайта қарау, азаматтарды медициналық, психологиялық және әлеуметтік оңалту бағдарламаларымен қамтуды кеңейту ұсынылды.

Сондай-ақ оңалту орталықтарында ойын тәуелділігін емдеудің толық құпиялылығын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерді әзірлеу және енгізу қажеттігі көтерілді.

Бұдан бөлек, заңсыз ойын алаңдарына ақша аударуға пайдаланылатын төлем жүйелері мен «дроп-карталарды» анықтау және олардың қызметін тоқтату шараларын күшейту ұсынылды.

Депутат ойын тәуелділігінен емделіп шыққан азаматтарды қолдау тетіктерін де қарастыру қажет екенін айтты. Оның ішінде банк несиелері бойынша төлемдерді уақытша кейінге шегеру мүмкіндігін енгізу мәселесі де көтерілді.

Тегтер: Қазақстанлудомания

Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Қазақстанда құмар ойынға тәуелділер саны 700 мыңға жетті

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Тоқаев Кипр президентін қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Қазақстандық жасөспірімдерге қауіп: ІІМ жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Әлем чемпионатының ойындары Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Алматы облысында SkyTrain жобасы қолға алынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz