Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Колледжде сұранысқа ие емес мамандықтарға оқытудың қажеті жоқ — Бейбіт Исабаев

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуінен кейін, жергілікті мекемелердің жұмысымен танысты. Солардың бірі - Көксу ауылшаруашылық колледжі.

29.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Жетісу баспасөз қызметі

Жетісу баспасөз қызметі

«Сұранысқа ие емес мамандықтарға оқытудың қажеті жоқ. Қысқа мерзімді курстарды ашу пайдалы. Сонда түлектердің жұмысқа орналасу пайызы өседі. Осындай жақсы, заманауи материалдық-техникалық базамен сіздердің барлық мүмкіндіктеріңіз бар, біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуді жалғастырамыз», — деп атап өтті Бейбіт Исабаев.

Оқу орны облыстың 20-ға жуық кәсіпорнымен ынтымақтасады, түлектердің 90%-ы жұмысқа орналасады.

«Колледж басшылығы, педагогикалық құрам өз жұмысының басты мақсаттарының бірі – студенттерін жұмысқа орналастыру деп санайтыны қуантады. Егер колледжді бітіргеннен кейін түлектердің 90%-ы тұрақты жұмысқа орналасса, бұл өте маңызды нәтиже. Бұл ретте білім беру мекемелерінің еңбек нарығындағы, оның ішінде оқытылатын мамандықтар бойынша сұранысқа тез бейімделуі өте маңызды»,- деп мәлімдеді облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданына жұмыс сапары барысында.

Бүгінгі таңда Көксу ауылшаруашылық колледжі кәсіби техниктер, электриктер, технологтар, механиктер, қант өндірісінің операторлары және басқа да мамандарды дайындайды.

Тегтер: Жетісу облысыКөксу ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz