Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көшпенділер ойындарында топ жарған қонаевтық спортшыға 1 млн теңге берілді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарған Қонаев қаласының тұрғыны Данил Устиновқа 1 млн теңге көлемінде сертификат табыс етілді. Спортшыны қала әкімі Асхат Бердіханов қабылдап, халықаралық додадағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026
Жаңалықтар

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Данил Устинов қол күрестен сынға түсіп, алтын медаль иеленді. Осылайша ол халықаралық аренада Қазақстанның ғана емес, туған қаласы Қонаевтың да мерейін үстем етті.

Елге оралғаннан кейін спортшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Данил Устиновты жеке қабылдап, жетістігі үшін алғыс білдірді.

«Сіз секілді спортшылар еліміздің, қаламыздың даңқын асқақтатып жүр. Барша Қонаев тұрғындары атынан сізге алғысымды айтамын. Бағындырар белестеріңіз көп болсын! Тек сәттілік тілеймін!» – деді Асхат Бердіханов.

Кездесу барысында қала әкімі спортшының халықаралық аренадағы жетістігін жоғары бағалап, оған 1 млн теңге көлеміндегі сертификатты табыс етті.

Данил Устиновтың бұл жеңісі – Қонаев спорты үшін де елеулі жетістік. Әлемдік деңгейдегі додада топ жарған спортшы енді ел намысын алдағы халықаралық жарыстарда қорғауды жалғастырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz