Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Көшпенді садағы» коллекциялық монеталары айналымға шықты

Қазақстан Ұлттық банкі KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.Бұл туралы ҚҰБ сайты жазды.

26.12.2022
Жаңалықтар

KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары күмістен (алтын жалатылған) жасалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана.

Монета реверсінде садақ атып тұрған көшпенді жауынгердің бейнесі салынған. Ал, жоғарғы бөлігінде көшпенділер қаруының символы ретінде ұшып бара жатқан жебелер көрсетілген. Аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Бұл – қорғаныс қалқанының аллегориясын білдіреді. Елтаңбаның айналасында ою-өрнек пен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі мен монета номиналының, дайындау металының, сынама мен массаның белгілері орналасқан.

Монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҰБК сапа сертификаттары бар кәдесый қаптамасында шығарылады. Сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша жарияланады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аударуға және еліміздің барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін олардың атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті.

Тегтер: коллекцияКөшпенді садағымонетаҰлттық банк

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz