Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгерді

2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қаржы жұмсалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алатыны айтылады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын  мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 7%-ға артты. Осы жылға мемлекет көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін 478,8 миллиард теңге қарастырып отыр.

Тегтер: жәрдемақыкөпбалалы отбасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz