Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Алматы қаласындағы Көктөбеге қатынайтын аспалы жолдың жұмысы 17 шілде күні күндіз уақытша тоқтатылды. Сол сәтте кабиналардың ішінде жолаушылар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдайға электр энергиясының апатты түрде өшіп қалуы себеп болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам

«Көктөбе» саябағы әкімшілігінің хабарлауынша, фуникулерлердің тоқтауына электрмен жабдықтау жүйесіндегі ақау әсер еткен. Осыған байланысты аспалы жолдың қозғалысы уақытша тоқтатылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес жолаушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, сағат 14:45-те электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілген.

Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, электр қуаты берілгеннен кейін кабиналардағы барлық жолаушы қауіпсіз түрде түсірілді.

«Электрмен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін барлық жолаушы эвакуацияланды. Қазіргі уақытта фуникулерлер жолаушыларды уақытша қабылдамайды. Барлық техникалық тексеру аяқталып, пайдалану қауіпсіздігі толық расталғаннан кейін аспалы жолдың жұмысы қайта жанданады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Мамандар аспалы жолдың техникалық жай-күйін толық тексергенге дейін жолаушылар тасымалы уақытша тоқтатылған. Қала билігі бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Тегтер: алматыКөктөбе

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz