Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көкшетауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.03.2024
Жаңалықтар

Мұндай шешім қаланы қақ ортасынан кесіп өтетін Қылшақты өзенінің арнасынан асып кетіп, маңындағы үйлер мен көшелерді тұтастай су басқанына байланысты қабылданған.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін Көкшетауда төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылданды, оның шеңберінде барлық залал бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелер комиссиялық түрде шешілетін болады. 29 наурыздағы жағдай бойынша жүзге жуық адам дайындалған орындарға орналастырылды. Зардап шеккендерге қажет көмек көрсетіледі. Зардап шеккендер мына нөмір арқылы өтініш бере алады 8 775 666 99 08», — деді Көкшетау қаласының әкімі.

Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай қызметінің ресми мәліметінше, қазір үйлерін су басқан қала тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр.

«Барлығы 113 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30-ы — бала. Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бейімдеу орталығына 50-ден аса адам орналастырылды. Бүгін Қылшақты өзені көтерілуіне байланысты 16 жеке үй, 29 аула және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ, «Ертөстік» балабақшасының 1 қабаты су астында қалды», — деді өңірдің ТЖД өкілдері.

Қазір еріген суды сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер: Көкшетаусу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz