Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көкірекбаевқа үкім шықты

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2025
Жаңалықтар

Соттың мәліметіне сәйкес, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Көкірекбаев пен оның бұрынғы орынбасары аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталуда. Сонымен бірге, іске тартылған ЖШС директоры аса ірі көлемде пара бергені және мүлікке қасақана залал келтіргені үшін айыпталып отыр.

Тергеу материалдарында Көкірекбаев пен оның орынбасары қызметтік өкілеттігін пайдаланып, кәсіпкермен алдын ала келісіп, атқарылған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін пара алғаны көрсетілген. Сонымен қатар, кәсіпкер шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойылуын ұйымдастырған.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 1,99 миллиард теңгені құрады.

Алқабилердің шешімі бойынша Көкірекбаев пен оның бұрынғы орынбасары кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның бұрынғы орынбасары мен кәсіпкер әрқайсысы 11 жылға сотталды. Оған қоса, үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Аталған үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: сот үкіміШенеунік

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қоқысқа толған жер телімдерінің иелері тексеріледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында «ҚазМясо» бордақылау алаңының әлеуеті талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында құс фабрикасының өндірістік әлеуеті артады

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында тұрғын үй ауласынан шыққан жылан ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысындағы «Кеген – Нарынқол» жолында бір айға қозғалыс шектеледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz