Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Киевте халықаралық есірткі желісіне қатысы бар call-орталықтар жойылды: 11 адам ұсталды

Қазақстан мен Украина құқық қорғау органдары халықаралық қылмыстық топтардың қызметіне соққы берді. ҚР Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтардың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

ІІМ мәліметінше, арнайы операция 28 мамыр күні Киев қаласында өткен. Тергеу барысында аталған call-орталықтардың Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымның мүддесіне жұмыс істегені анықталған.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, орталық қызметкерлері интернет пен түрлі байланыс арналары арқылы адамдарды заңсыз есірткі бизнесіне тартқан. Олар Қазақстан аумағында есірткі жасырушыларды, тасымалдаушыларды және есірткіні ораумен айналысатын адамдарды іздеп, жұмысқа қабылдаумен айналысқан.

«Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Олардың қатарында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартумен айналысқан қызметкерлер бар. Тоғыз мекенжай бойынша тінту жүргізіліп, шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленді», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта тәркіленген техникадағы ақпараттарға талдау жүргізіліп жатыр. Тергеушілер ұйымдастырушылардың аккаунттарын анықтап, олардың қаржылық операцияларын тексеруге кіріскен.

Құқық қорғау органдары бұл халықаралық есірткі трафигіне қарсы күрес аясындағы маңызды операциялардың бірі екенін атап өтті. Тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: ІІМҚазақстанполиция

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz