Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Келер жылдан бастап елімізге келген шетелдіктерден туристік жарна алынады

Үкіметтің 2021 жылғы 5 қарашадағы қаулысына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктерден туристік жарна алынады.

01.11.2022
Жаңалықтар

«Шетелдіктер үшін туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады», — делінген Үкімет қаулысында.

Туристтер келетін орындарда шетелдіктерден алынатын жарналарға мына мөлшерлемелер қолданылады:

— 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – тұру құнының 0%-ы;

— 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – тұру құнының 5%-дан аспайтын мөлшері.

Қаулыға сай, туристік жарна мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Сәйкесінше, қаражат жергілікті бюджетке түседі. Бұл ретте туристік алым сомасы өмір сүру құнына қосылмайды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктер үшін мынадай тарифтер қолданылмақ:

— Астана қаласы — 5%;

— Шу ауданы (Жамбыл облысы) — 0%;

— Ордабасы ауданы (Түркістан облысы) — 0%;

— Жетісай ауданы (Түркістан облысы) — 0%;

— Сарыағаш ауданы (Түркістан облысы) — 0%;

— Шардара ауданы (Түркістан облысы) — 5%;

— Рудный қаласы (Қостанай облысы) — 5%;

— Қарабалық ауданы (Қостанай облысы) — 1%.

Шетелдіктер үшін қойылатын жарна мөлшерлемесі ағымдағы статистикалық деректерге немесе маусымға байланысты сараланады. Яғни, туристер қонақ үйде жарты күн тұрса, туристiк алым толық күнге алынады.

Туристік алымды туроператорлар шетелдік туристерді орналастыру орындарында тіркеу кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде алады. Қонақ үй қызметкерлері мен туроператорлар туристерге әрбір күн үшін туристік жарна алынатынын ескертуі тиіс. Оны төлеген шетелдік азаматқа жарнаны өтегенін растайтын анықтама беріледі.

Тегтер: жарнатурист

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz