Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кеген ауданы: мал басы жеткілікті, ет пен сүт өнімдерін өндіру мөлшері төмен, себеп не?

Алматы облысы Кеген ауданында сүт пен ет өнімдерін көптеп шығаруға қауқары жетпейді. Бұл туралы облыс әкімінің аудан халқымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

04.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Кеген ауданына қарасты мал шаруашылығында 61 мыңнан астам ірі қара мал басы бар, оның 27 мыңы сиыр. Жылына орта есеппен 27 мың тонна сүт алынады. Ауданда қуаттылығы 400 бас сиырды ғана қамтитын биыл ашылған жалғыз сүт-тауар фермасы бар. Оның нақты жүктемесі 25%-ды ғана құрайды.

Сонымен қатар өңірде 37 мың бас жылқы және 243 мың бас қой мен ешкі бар. Мал басының облыс деңгейінде үлесі жоғары болғанымен, аудан көлемінде ет өнімдерін шығыратын екі кәсіпорын ғана бар.

«Қазіргі күні жылына 7 мың тонна ет өнімдерін шығаратын «Meat Processing and Service» компаниясы және «Қазмясо» компаниясы қуаттылығы 6 мың бас асыл тұқымды ірі қараны қамтитын толық циклді жоғары технологиялық кәсіпорын жұмыс істеп тұр», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Кеген ауданының мал шаруашылығы жағынан облыстағы үлесі 8%, алтыншы орында тұр. Марат Сұлтанғазиев жергілікті билік өкілдеріне саланы жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Тегтер: Кегенмал шаруашылығы

Соңғы жаңалықтар

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
25.08.2026

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау

Диана Ахметова
25.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
25.08.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Диана Ахметова
25.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz