Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кедендегі көлік кептелісі реттеледі

«Алакөл» кеден бекетіндегі көлік кептелісі екі-үш күнде шешіледі. Жақын арада электрондық кезек жүйесін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қытай Халық Республикасы басқа елдерден кіретін жүк көліктерінің санын ұлғайтуына байланысты кеден бекетінде кептеліс пайда болған. Достыққа қарай қазақстандықтардан бөлек, Ресей және Белорус мемлекеттерінен де ағылып жатқан көліктер көп.

Осы уақытқа дейін шекарадан күніне 10-15 қана жүк көлігі өтсе, қазір бұл көрсеткіш бірнеше еселенген. Сондықтан кеден бекетіне қосымша мамандар жұмылдырылды. Сәйкесінше, жұмыс уақыты да таңғы 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ұзартылды.

«Бұған дейін кеден бекеті таңғы 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін.  Жұмыс уақытын қосымша 3 сағатқа создық. Құжат сканерлеуші және тексеруші мамандарды көбейттік. Жалпы саны 31 адам қызмет етуде. Дүйсенбіден бастап тағы 8 адам қосылады. Қазір шекарадан күніне 100 жүк көлігі өтеді. Әр көлікті тексеру уақытын да жылдамдатып жатырмыз», — дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Қозыбеков.

Кеден бекетінде қазір 500-дей көлік тұр. Оларды мамандар алдағы 2-3 күнде тексеріп өткізбек. Ал, кезек пен тәртіп мәселесін жергілікті әкімдік, полиция реттейді.

«Бізде жедел штаб құрылған. Оның құрамында кеден және шекара қызметі, полиция бөлімі мен көлік прокуратурасы қызметкерлері бар. Қалыптасқан жағдайға байланысты штаб отырысын өткіздік. Мәселені жан-жақты талқылап, шешу жолдарын қарастырдық. Кезекті реттеу үшін электронды жүйе қалыптасқанға дейін есепке алу және оңтайландыру жолдары қарастырылды», — дейді Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов.

Жалпы, көлік өткізу әлеуеттін арттыру бағытында кеден бекетін кеңейту жұмыстары қолға алынды. Маусым айында қосымша автомобиль өткізу пунктінің құрылысы басталды. Жобаны іске асыру бір жарым жылға жоспарланған. Онда тәулігіне ары-бері 1200-дей көлік тексеріліп өтетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қорғастағы «Нұр жолы» өткізу бекетінде де көлік кептелісі орын алған еді. Қазір бұл бекетте электрондық кезекке қою жүйесі енгізіліп, мәселе шешімін тапты. Нәтижесінде қазір күніне бекет арқылы еш кедергісіз 100 шақты көлік өтеді. Ең бастысы, осы әдіс арқылы саладағы барлық делдалдық және алыпсатарлық жүйелер толығымен жойылды.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz