Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Ірі отандық өндіруші «Атамекен» Алматы облыстық өңірлік кеңесінің құрамына енді

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Алматы облыстық өңірлік кеңесінің құрамына «Шин-Лайн» компаниялар тобының вице-президенті Дигай Дамир енді. Жаңа мәртебеде ол өңірдің іскерлік күн тәртібін қалыптастыруға қатысып, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалог алаңында өндірістік сектордың мүддесін білдіретін болады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Акжаркын
25.11.2026
Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірлік «Атамекен» кеңесі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, бизнесті дамытудағы жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ облыстың инвестициялық және іскерлік ахуалын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында бизнес-қоғамдастық өкілдерін біріктіреді.

«Шин-Лайн» компаниясы өкілінің кеңес құрамына енуі ірі отандық өндірушінің тәжірибесін өңірлік деңгейде кеңінен таныстыруға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін қолдау, инфрақұрылымды дамыту және Алматы облысының экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды талқылауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

«Өңірлік кеңестің жұмысына қатысу біз үшін, ең алдымен, мемлекет және нарықтағы әріптестермен мазмұнды диалог орнатудың мүмкіндігі. Алматы облысының өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті зор. Сондықтан бизнестің даму қарқынына, өндірісті жергіліктендіруге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін шешімдер қабылдау кезінде нақты өндіріс саласы өкілдерінің пікірі ескерілуі маңызды», – деді «Шин-Лайн» компаниялар тобының вице-президенті Дамир Дигай.

«Шин-Лайн» компаниялар тобы – Орталық Азиядағы балмұздақ өндіретін ең ірі кәсіпорын және Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі жетекші компаниялардың бірі. Компанияның өндірістік кешені Алматы облысында орналасқан. Кәсіпорын көптеген жылдар бойы инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы гандболдан XXI Азия чемпионаты басталды

Акжаркын
25.11.2026

Ірі отандық өндіруші «Атамекен» Алматы облыстық өңірлік кеңесінің құрамына енді

Акжаркын
25.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
25.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
25.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
25.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz