Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы гандболдан XXI Азия чемпионаты басталды

Олимпиадалық даярлау орталығында Азия мен Мұхит аралдары елдерінің үздік он құрамасы чемпиондық атақ пен 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынауда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Акжаркын
25.11.2026
Алматы облысы, Жаңалықтар

Ауқымды халықаралық турнир 2026 жылғы 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтуде. Жарысқа қатысушы командалар арасындағы бәсекелестік жоғары болмақ. Олардың қатарында Азия гандболындағы танымал көшбасшылар бар. Корея Республикасы құрамасы турнир тарихындағы ең атақты команда саналады. Оның еншісінде 16 чемпиондық титул бар. Ал Жапония құрамасы 2024 жылғы құрлық біріншілігінде алтын медаль жеңіп алып, қазіргі Азия чемпионы мәртебесінде өнер көрсетуде.

Қазақстан құрамасының да құрлықтық жарыстарда өзіндік жетістіктері бар. Отандық гандболшылар 2002 және 2010 жылдары екі мәрте Азия чемпионы атанған. Сонымен қатар жарысқа Иран, Қытай, Гонконг (Қытай), Таиланд, Үндістан, Австралия және Өзбекстан құрамалары қатысуда.

«Қазақстан құрамасы үшін өз алаңында өтетін чемпионат – өз мүмкіндіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, әйелдер гандболының даму деңгейін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік. Айта кету керек, Алматы облысының спорт мектептерінде тәрбиеленген үш спортшы ұлттық құрама сапына енді. Олар – Ақбота Рамазанова, Айым Тұрсын және Яна Франковская. Үшеуі де халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Олардың құрлықтық додаға қатысуы – жеке жетістіктерімен қатар, өңірде кәсіби спортшыларды даярлау және ұлттық құрамаға резерв қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Бүгінде біз үшін жарыстарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізумен қатар, осы спорт түрін одан әрі дамытуға жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдерді гандболға тарту, дарынды ойыншыларды анықтап, лайықты ізбасарлар даярлау да аса маңызды», – деді Алматы облысының гандболдан аға жаттықтырушысы Жанатты Байарыстанова.

Турнирдің іріктеу кезеңі ретіндегі маңызы ерекше. Жарыстың үздік төрт командасы 2027 жылғы 30 қараша мен 19 желтоқсан аралығында Венгрияда өтетін әйелдер арасындағы гандболдан XXVIII әлем чемпионатына жолдама алады.

Жарыстың алғашқы күнінде топтық кезең аясында төрт кездесу өтті. Корея Республикасы құрамасы Өзбекстанды 43:11 есебімен айқын басымдықпен жеңсе, Иран Гонконгты 33:16 есебімен ұтты. Ал Жапония Таиланд құрамасынан 42:6 есебімен басым түсті.

Қазақстандық гандболшылар да жарысты сәтті бастады. Турнирдің алғашқы кездесуінде алаң иелері Австралия құрамасын 37:18 есебімен жеңді.

Топтық кезең қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алатын командалар анықталады. Одан кейін жарыс плей-офф жүйесі бойынша жалғасады. 1 желтоқсанда жартылай финалдық кездесулер өтсе, 3 желтоқсанда финалдық ойын мен қола жүлде үшін матч ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы гандболдан XXI Азия чемпионаты басталды

Акжаркын
25.11.2026

Ірі отандық өндіруші «Атамекен» Алматы облыстық өңірлік кеңесінің құрамына енді

Акжаркын
25.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
25.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
25.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
25.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz