Департамент тұрақты түрде су объектілерінің, ауаның, топырақтың және елді мекендерді сумен жабдықтаудың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіп тұрады. Жақында мамандар елді мекендердегі орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін тексерді. Нәтижесінде сынамалар нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген.
Сонымен қатар, санитариялық – химиялық көрсеткіштер бойынша 766 су сынамасы зерттеліп, 7,4 пайызы талапқа сай емес болып шықты. Зерттеу қорытындысы жергілікті атқарушы органдарға берілді. Ауыз су ретіндегі 1 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық көрсеткіштерге және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 144 су сынамасы алынды. Оның 3-уі, яғни 2,1% микробиологиялық көрсеткішке сәйкес келмеген.
Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері өнеркәсіптер мен кәсіпорындарда, облыстық және республикалық маңызы бар жол тораптарында көліктердің үлкен ағыны кездесетін елді мекендерде ауа құрамына үш мыңға жуық өлшеу жүргізіп, ластаушы заттардың шектен тыс асып кеткенін анықтады. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,1% төмен екенін көрсетті.