Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ азаматтар мен ойын-сауық орындары иелеріне үндеу жолдады

Ішкі істер министрлігі жастар арасында «көңіл көтеретін газ» ретінде танымал азот оксидінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтіп жатыр. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген.

«Мұндай заттардың қатарына жастар арасында «көңіл көтеретін газ» ретінде белгілі азот оксиді де енгізілген», – деді Бақытжан Әмірханов.

Министрлік өкілі ІІМ қызметкерлері түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында тыйым салынған заттарды анықтау және олардың таралуының жолын кесу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келетінін айтады.

Жыл басынан бері республика бойынша азот оксидінің заңсыз айналымына қатысты 49 дерек тіркелген. Нәтижесінде 1,5 мыңнан астам баллон мен екі автоцистерна тәркіленген.

«Көрші мемлекеттен «көңіл көтеретін газды» жеткізу арнасы жойылды. Аталған фактілердің барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалды», – деді комитет өкілі.

Сондай-ақ Бақытжан Әмірханов күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысты алғашқы сот үкімдерінің бірі заңды күшіне енгенін айтты. Сот шешімі бойынша кінәлі тұлға сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды, әсіресе түнгі ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін азот оксидін таратуға жол бермеуге шақырды.

«Тыйым салынған заттарды тасымалдауға, сақтауға және өткізуге қатысы бар барлық адамдар заң аясында жауапкершілікке тартылады», – деп ескертті Бақытжан Әмірханов.

Тегтер: ІІМҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz