Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ: адам саудасының алдын алуға қатысты заң күшейді

Қазақстанда адам саудасының алдын алу және аталған қылмыспен күресу үшін жаңа шаралар қолға алынады. Мұндай ақпарат "Ашық НҚА" ресми сайтында тарады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

08.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

ҚР ІІМ медицина мекемелерінің жауапты мамандары мен жетімдер үйінің мамандарын жаңа туған баланы тастап кету туралы ақпарат бермегені үшін заң төңірегінде жауапкершілікке тартуды ұсынды.

«Мұндай мәлімет бермеген жеке тұлғаға 5 АЕК, заңды тұлғаға 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң, 1 жыл ішінде адамдар бұл әрекетін қайталаса, жеке тұлға — 20 АЕК, заңды тұлға — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді», — деп жазылған құжатта.

ІІМ айтуынша, бұндай шаралар Қазақстанда бала сату деректерінің жиілеп кетуіне байланысты қолға алынды.

«Бұл заңды қабылдау — адам және бала саудасымен күресу үшін ұтымды құқықтық негіз болады, екіншіден, адам саудасының алдын алу және оның құрбандарын анықтау мақсатындағы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандық заңды күшейтуге ықпал етеді», — деп көрсетілген құжатта.

Қазақстандықтар заңға түзетулер мен өзгерістер енгізуге байланысты ұсыныстарын 28 қыркүйекке дейін тіркей алады.

Тегтер: заңІІМҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz