Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ: 1 шілдеден бастап аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды

Әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің аулаларында автокөлік қоюға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, жол жүрісі қағидаларына көлік құралдарын тұрғын үйлердің аулаларында қоюға қатысты ешқандай өзгерістер енгізілмеген.

«Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қоюға қойылатын талаптар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады», – деп мәлімдеді ІІМ.

Министрлік өкілдері жүргізушілерге кейбір шектеулердің бұрыннан қолданыста екенін еске салды. Атап айтқанда, автокөліктерді гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға тыйым салынған.

Сондай-ақ ІІМ жол қозғалысына қатысушыларды қолданыстағы ережелерді қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

Ведомство балалар қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды. ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп отыруы маңызды екенін айтты.

«Ата-аналар мен заңды өкілдер балаларға көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіріп, жолдың жүріс бөлігінде ойнауға болмайтынын үнемі ескертіп отыруы қажет», – деді ол.

Тегтер: ІІМ

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz