Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына Қазақстан құрамасы 30 спорт түрінен қатысады

Қазақстандық спортшылар 19-шы Азия ойындарының бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-нан бақ сынайтын болады. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша, 305 медаль үшін таласады. Жалпы биылғы Азиадада 61 дисциплина бойынша 481 медаль жиынтығы ойнатылады.

19.09.2023
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, таэквондо, күрес, жеңіл атлетика, садақ ату, қазіргі бессайыс, брейкинг, бадминтон, триатлон, теннис, су спорты (жүзу және артистік жүзу), баскетбол, ескек есу спорты, велоспорт, семсерлесу, ауыр атлетика, гольф, гимнастика, гандбол, волейбол, құзға өрмелеу, ескек есу, регби-7, үстел теннисі, ату және хоккей сайыстарына қатысады. Сонымен қатар, отандық спортшылар 3 олимпиадалық емес спорт түрі: у–шу, жекпе-жек және интеллектуалды үстел ойындарында да жарысқа шығады.

«Азия ойындарына 524 қазақстандық спортшы қатысады. Әрине, кейбір спорт түрлерінде медаль алу мүмкіндігі басқаларға қарағанда жоғары. Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. Ол үшін барлық қажетті жұмысты жасадық. Азиадада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады», — деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Тегтер: азия ойындарыҚазақстанханчжоу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz