Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халықаралық Канн кинофестивалінде қазақстандық павильон ашылды

16 мамырдан бері көрермендерді қабылдап жатқан павильонның салтанатты ашылу рәсімі бүгінге жоспарланған.

24.05.2023
Жаңалықтар

Франциядағы 76-халықаралық Канн кинофестивалінде қазақстандық павильон ашылды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Ресми түрде өтетін павильонның тұсаукесеріне мәдениет комитеті кинемотаграфия бөлімінің басшысы Ғани Мұратов, қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі Айман Мұсаходжаева және Канн сыйлығының лауреаты, актриса Самал Еслямова қатысады.

Қазақстандық кинопавильон киіз үй іспеттес құрылған. Онда еліміздің мәдениетін танытатын бұйымдар орналасқан. Сондай-ақ, киноленталар мен жолақтарда отандық фильмдердің үздік кадрлары бейнеленген.

«Биыл кинопавильон ерекше безендірілді. Қазақылықтың иісі аңқып тұр десек болады. 20-дан астам елдің киноиндустрия өкілі қатысып жатқан фестивальде 200-ден астам кинопродюсер бақ сынайды. Халықаралық фестиваль қатысушыларға үлкен мүмкіндік береді», — деді мәдениет және спорт министрлігі комитетінің бөлім басшысы Ғани Мұратов.

Тегтер: Каннкинофестиваль

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz