Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Хайрулла Ғабжалиловтың кандидатурасы заң талаптарына сәйкес келмейді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Хайрулла Ғабжалиловтың ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» заңында қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады

13.10.2022
Жаңалықтар

Айта кетейік, оның кадидатурасын 11 қазанда «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың баяндауынша, Хайрулла Ғабжалилов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелу үшін тиісті барлық құжаттарды тапсырған. Кейін үміткер туралы деректерді тексеру үшін ІІМ, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен ақпарат сұратылған. Нәтижесінде кандидаттың мемлекеттік қызмет өтілінің болмауына байланысты «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 54-бабы, сондай-ақ 59-бабы 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған.

Осылайша, үміткерді тікеуден бас тарту туралы шешім көтерілді. Оны Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бір ауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, Хайрулла Ғабжалилов ҚР азаматы емес және Қазақстанда соңғы 24 жыл тұрмаған.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz