Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Гүлзат Көбенова: Жекеменшік балабақшаларды лицензиялауда сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері төмен

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова ведомствоның Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

19.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Оның айтуынша, лицензия беру – толық автоматтандырылған мемлекеттік қызмет.

«Лицензия беру – мемлекеттік қызмет. Ол толық автоматтандырылған және бұл жерде лицензиатпен тікелей байланыс жоқ. Бұл тек қана рұқсаттық бақылау жүргізген кезде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді», – деді комитет төрағасы.

Онымен қоса, Гүлзат Көбенова балабақшаларды лицензиялау тәжірибесі елімізде ғана емес көптеген мемлекетте бар екенін айтты.

«Германияда барлық балабақша лицензияланады. Тек қана федералдық аумақтар бойынша бұл талаптар ерекшеленуі мүмкін. Канада, АҚШ, Португалия, Ресейде де балабақшалар лицензияланады. Ал Қырғызстанда жекеменшік балабақшалар лицензия алып, жұмысын жүргізеді», – деді Көбенова.

Еске салсақ, бұған дейін жекеменшік балабақшалар мемлекеттік лицензиялауды енгізуге қарсылығын жазғанбыз. Олардың айтуынша, лицензиялауды қайта енгізу сапаны арттырмай, тек шағын және орта бизнес субъектілері үшін қосымша кедергілер тудырады. Айта кетейік, елімізде балабақшаларды лицензиялау 2024 жылдан басталады.

Жоспар бойынша бұл жұмыс кезең-кезеңімен басталмақ:

  • алдымен жаңадан ашылған балабақшалар лицензиялауға жатады. Комитет төрағасының айтуынша, орта есеппен бір жылда 200 балабақша ашылуы мүмкін;
  • екінші кезекте мемлекеттік аттестациядан екі мүмкіндікте де өте аламаған балабақшалар лицензиялаудан өтеді;
  • үшінші сатыда тәуекелдерге қарай талдау жасалады. Қай балабақшаларда тәуекел жоғары – сол ұйымдар лицензияланатын болады.

 

 

Тегтер: лицензиялау

Соңғы жаңалықтар

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

500 млн тенге алиментов взыскали в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

В Талгаре открылся новый молодежный центр

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz