Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Есік қаласында балалар спорт мектебінің футбол алаңы жаңартылады

Алматы облысының Есік қаласында Еңбекшіқазақ аудандық №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңын жаңарту жұмыстары басталды. Жоба Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026
Жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, спорт нысанындағы жасанды төсеніш толығымен ауыстырылады. Жобаны іске асыруға Алматы облысының футбол қауымдастығы да ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп отыр.

2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан футбол федерациясы, спорт мектебі және мердігер ұйым арасында үшжақты келісім жасалған. Келісімге сәйкес, мердігер футбол алаңын жаңарту жұмыстарын федерация алдындағы міндеттемелері аясында өз қаражаты есебінен жүргізуде.

Жөндеу барысында ескі жасанды төсеніш алынып, алаңның негізі дайындалады және жаңа жасанды төсеніш төселеді.

Жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Осыдан кейін жаңартылған футбол алаңы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне беріледі.

Жобаның жүзеге асырылуы өңірдегі спорт инфрақұрылымын жақсартуға, жас футболшылардың жаттығуына қолайлы жағдай жасауға және бұқаралық футболды дамытуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
12.11.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
12.11.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
12.11.2026

Қонаевта саяжайлар сүріле ме? Қала әкімдігі түсініктеме берді

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026

Жаңа Конституция – Қазақстан дамуының құқықтық негізі

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz