Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы 1959 жылы 28 сәуірде Қарағанды облысында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген.
2012 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымында болды.
Ал Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Енді ол ҚР АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарады.