Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Үкімет Қазақстанның 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасын мақұлдады

Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстанның инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы қаралып, бекітілді деп, хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық порталы

23.06.2022
Саясат
ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынан алынды

ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынан алынды

Тұжырымдамада негізгі нысаналы индикаторлар туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтып берді. Құжатта 2026 жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 25,1%-ына дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін $25,5 млрд-қа дейін ұлғайту көзделген.

 «Инвестициялық дамудың негізгі пайымы әрбір саланың экономиканы дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, инвестициялар тартуға теңдестірілген тәсілден тұрады. Өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты драйвері болып табылады», — деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынан алынды

Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтып берді. Өңірлердегі инвестициялық жағдай туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Құжат ел экономикасына тартылатын инвестициялардың өсуіне айтарлықтай ықпал ететін болады.

Жалпы Қазақстан инвестициялар өсімінің пандемияға дейінгі деңгейіне жетті. Мәселен, биылғы 5 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,5%-ға өсіп, 4,1 трлн теңгені құрады.

Ақмола облысы, Шымкент және Алматы қалалары негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Түркістан және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп кеткен.

Әлихан Смайылов Қазақстанның тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды ел екенін және бұл жағынан Орталық Азия өңірінде көш бастап тұрғанын атап айтып өтті.

«Қазіргі жағдайда біз осы позицияны нықтай түсіп, шетелдік инвестициялар үшін күресте белсенді қимылдауымыз керек және инвесторларға барынша оңтайлы жағдай жасауымыз қажет. Сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін кеңейту керек. Бүгін ұсынылып отырған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың драйверіне айналатын жаңа инвестициялық циклдің бастауы болуы тиіс», — деді Үкімет басшысы.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге Инвестициялық саясат тұжырымдамасындағы іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

Тегтер: инвестицияҚР Премьер-Министрі
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz