Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Үкімет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

18.06.2023
Саясат

Үкімет басшысы сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтай отырып, олардың қоғамдағы алатын орнына айрықша тоқталды.

«Сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін сақтап, денсаулығын нығайту жолында ақ халатты абзал жандардың еңбегі ұшан-теңіз. Әрдайым бақытты ғұмыр кешіп, қиын да ауыр еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Ұлт денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің ең маңызды басымдығы. Қажыр-қайратты талап ететін осынау мәртебелі міндет ақ халатты абзал жандардың иығында екені сөзсіз. Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыты қазірдің өзінде халықаралық деңгейде табысты бәсекелестікке түсуде. Бүгінде халыққа жоғары технологиялық медицина қызметтері қолжетімді. Ұлттық ғылыми кардиохирургия, Ұлттық нейрохирургия, Ядролық медицина және басқа да көптеген заманауи медицина орталықтары жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды. Оның шеңберінде биыл 309 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы қамтамасыз етіледі. Мемлекет алдағы уақытта да қазақстандық дәрігерлердің еңбегін бағалап, әл-ауқатын жақсарту жолында бар күш-жігерін салады. Ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, болашаққа сенім, абырой және табыс тілеймін», — деп жазылған Әлихан Смайыловтың құттықтауында.

Тегтер: Әлихан Смайыловқұттықтаумедицинамерекеүкімет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz