Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев халықтық коалиция атынан президенттікке үміткер болады

Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы басталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

06.10.2022
Саясат

«Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол коалиция құрамына жетекші саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар кіргенін атап өтті.

«Жақын арада мен сайлауалды тұғырнаманы ұсынамын, онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-шаралар көрініс табады», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін AMANAT партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімін қабылдаған болатын. Сондай-ақ бүгін «Қазақстан Халық партиясының» кезектен тыс съезі өтіп, делегаттар алдағы сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.

Бұған дейін Қ.Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке мәслихаттар депутаттарынан құралған республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Qazaqstan Team» қоғамдық бірлестігі, Ұлттық волонтерлік желісі ұсынған еді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевсайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz