Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

03.11.2022
Саясат

Бұл құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыруға бағытталған.

«Конституциялық Заң жобасының мақсаттары Конституциялық Сотты құру бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгертулерді іске асыру, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту, Негізгі заң ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 67 баптан тұрады. Мазмұны бойынша жобаны екі бөлімге бөлуге болады. Біріншісі – ол Конституциялық Соттың және оның судьяларының мәртебесі, олардың кепілдіктермен қамтамасыз етілуі. Ал екінші бөлім конституциялық іс жүргізу тәртібіне арналған», — деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.

Конституциялық Сот еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады және биліктің сот тармағына жатпайды, өйткені бұл мәселе Конституцияда түпкілікті шешілді. Заң жобасында Конституциялық Сот судьяларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібіне байланысты мәселелер егжей-тегжейлі регламенттелген.

«Атап айтқанда, олардың тәуелсіздігі мен кепілдіктері де бекітілген. Конституциялық Соттың құзыреттері Конституцияның 72-бабымен тікелей реттелген. Мәселен, оларға сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру құзыреті жатқызылған. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Сондай-ақ, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді», — деді министр.

Құжаттың екінші бөлімінде конституциялық іс жүргізудің жалпы шарттары мен қағидаттары бекітілді. Конституциялық Сотқа жолданатын өтініштердің түрлері, олардың нысаны мен мазмұны айқындалды.

Конституциялық Соттың өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұратын болады:

Конституциялық Сот Аппаратымен өтініштерді алдын ала қарау;

конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау;

отырысқа дайындық кезеңі;

өтінішті қарау бойынша отырыс өткізу;

соңғы кезең – өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылдау.

Тегтер: заңсенат

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz