Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25.09.2023
Саясат

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Асан Қуанышұлы Жүсіпов 1973 жылы 10 ақпанда Көкшетау облысында туған.

Мотоатқыштар взводы, ротасы, батальоны, мотоатқыштар бригадасының штаб бастығы, танк бригадасы командирі қызметін атқарды.

1995 жылғы сәуірден бастап 2001 жылғы тамыз айына дейін взвод командирі лауазымынан бастап 40398 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальоны командирі лауазымын атқарды.

2001 жылғы тамыз бен 2003 жылғы маусым аралығында ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы болды.

2003 жылғы маусым және 2008 жылғы наурыз аралығында 27943 әскери бөлімі штаб бастығы – командирдің орынбасары мен командирі лауазымын атқарды

2008 жылғы наурызда 21450 әскери бөлімі командирі болып тағайындалды.

2012 жылғы тамыз айында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2013 жылғы тамызда Ұлттық қорғаныс университетіне тындаушысы болып қабылданды.

2015 жылғы маусымда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2016 жылғы қараша айында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының штаб бастығы – бірінші орынбасары болды.

2019 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы болып тағайындалды.

Тегтер: жарлықмемлекет басшысытағайындау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz