Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстанда жаңа екі мемлекеттік награда пайда болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның ХХХІІ сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығы мен орденін бекітуді ұсынды.

27.04.2023
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

«Біздің жерімізде үндестік пен келісімді нығайтуға нақты істерімен үлес қосып жүрген азаматтарды барынша ынталандыру қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығын бекітуді ұсынамын», — деп мәлімдеді Президент.

Біріншісі – әдебиет пен журналистика саласындағы үздік еңбек үшін.

Екіншісі – мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылар үшін.

«Бұл сыйлықтарды жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да алуы керек. Ақшалай сыйақының мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауға тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев жаңа мемлекеттік награда – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекітуді ұсынды.

«Алғашқы лауреаттарға бұл марапаттарды биыл қазан айында Республика күніне орай табыстауға болады», — Президент.

Ол еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға азаматтарымыздың қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қуатты серпін беретініне сенетінін айтты.

Тегтер: жаңаҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысынаграда

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz