Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстанда апатты күйдегі қанша үй бар — министр жауабы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев апатты жағдайдағы тұрғын үйлерге қатысты соңғы мәліметпен бөлісті.

07.02.2023
Саясат

«Республика бойынша тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 3 700 үй бар. Биыл апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі қайта қаралады. Сонымен қатар қалалардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сүрілетін үйлердің тізімі жасалады. Жалпы 2029 жылға дейін 1 500 үйді бұзу және 40 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр», — деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, тұрғын үй құрылысына құйылатын инвестиция көлемі артып келеді.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Яғни 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысына инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 16,8% артып, 2 трлн 900 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 17 300 пәтер салынып, 10 500 жеңілдетілген несие берілді», — дейді ол.

Одан әрі ведомство басшысы тұрғын үйлердің су және жылу жүйелерін қайта жөндеу жұмысына тоқталды.

«Еліміз бойынша су, жылу желілерінің жалпы ұзындығы 129 мың шақырымды құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша түрлі қаржыландыру көзі есебінен 3 мың шақырымға жуық су және жылу желісі қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде желілердің жалпы тозуы 53 пайыздан 51 пайызға дейін төмендеді. Аталған көрсеткішті 50% дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз», — деді Марат Қарабаев.

Тегтер: апатты үйМарат ҚарабаевҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz