Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстан Түркияның қираған қалаларында әлеуметтік нысандар салады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осы күні бауырлас елде іссапармен жүр.

28.04.2023
Саясат

Ол Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының XII жалпы отырысының жұмысына қатысу үшін барған. Сол жиында Қошанов Түркияда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен аймақтарда әлеуметтік нысандар тұрғызуды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғанын жеткізді.

Мәжіліс төрағасы бауырлас елде болған жойқын зілзала барша қазақ халқының қабырғасын қайыстырғанына тоқталып, көңіл айтты. Қазақстанның Түркиямен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Анкарада Қазақстан-Түркия достық саябағы да ашылды. Ресми іс-шараға қатысқан Мәжіліс төрағасы демалыс орнының ашылуы түбі бір, мәдениеті мен тарихы ортақ тамырлас екі елдің достығы мен ынтымағын нығайта түсетінін атап өтті.

«Қазақта «Ағаш тамырымен мықты, адам достарымен мықты» деген сөз бар. Біз Түркиямен достығымызды, бауырластығымызды жоғары бағалаймыз. Болашақта бұл саябақ Анкара тұрғындары мен қонақтары үшін әсем демалыс орнына айналады деп сенеміз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Тегтер: әлеуметтік нысанҚазақстанқұрылысТүркия

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz