Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстан ірі инвесторларға қойылатын талаптарды жеңілдетеді

2023 жылдың ақпан айынан бастап ірі инвесторлар үшін Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосу және қолданыстағы жобаларды жаңғырту мүмкіндіктері едәуір кеңейтілді.

15.03.2023
Саясат

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Инвестицияны мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысына енгізілген тиісті түзетулерге қол қойды.

Түзетулерге сәйкес:

—  Үкіметпен инвестициялық міндеттеме туралы келісім бекітуді жоспарлап отырған заңды тұлғалар үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесі алынып тасталды. Бұл келісім бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге салық мөлшерлемесі белгіленеді, ал инвестор оның өтеуі ретінде қомақты қаражат салуға, қандай да бір өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға, қазақстандық кадрларды оқытуға және т.б. міндеттеледі;

—  тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі анықталды. Яғни, енді ірі компания немесе кәсіпкер бұл тізімге енгізілмеген кез келген инвестициялық бағытты еркін таңдап, Үкіметпен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасай алады.

Тыйым салынғандар санатына:

— акцизделетін өнімдердің көтерме саудасы және (немесе) өндірісі;

— лотерея өткізу;

— ойын бизнесі саласындағы қызмет және т.б. барлығы 14 тармақ жатады.

Басқа барлық бағыттар бойынша шектеулер жоқ.

Тегтер: инвесторҚазақстанталап

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында шегірткеге қарсы науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz