Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президенттің қатысуымен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Астана қаласының салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды деді.

05.07.2023
Саясат

«Бүгін бауырлас қалалардың басшылары осы форумда бас қосып отыр. Әлемнің әр түкпірінен арнайы келген мәртебелі меймандар бар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздермен Астана қаласында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Биыл біздің елордамызға 25 жыл толып отыр. Бұл – мерейлі белес. Біз ширек ғасыр бұрын астанамызды Алатаудың баурайынан Арқа төсіне көшірдік. Есілдің жағасына ел қондырып, жаңа қаланың іргесін қаладық. Бүгін осы маңызды жиынға елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті тұрғындары, еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, олар Тәуелсіз Қазақстанның тірегі болған Астананың құрылысына белсене атсалысты, кеңес заманындағы ескі шаһардың қазіргі заманға сай озық қалаға айналуына зор үлес қосты.

«Мен баршаңызға шынайы алғыс айтамын. Шын мәнінде, Астана қаласының салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды», — деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: астанаБасты жаңалықтармемлекет басшысыфорум

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz