Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қараша айларындағы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.

20.12.2022
Саясат
Фото: Ақорда баспсаөз қызметі

Фото: Ақорда баспсаөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияның өсу қарқыны мен оның болжамы, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі жөнінде баяндалды.

Кездесу барысында Ұлттық банктің қабылдаған шаралары теңгелей салынған депозиттердің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсуіне, валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканы кредиттеу өсімін жалғастыруға оң ықпал еткені атап өтілді.

Президентке цифрлық теңгені енгізу қажеттігіне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындылары баяндалды. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, нарық қатысушылары, нақты тұтынушылар мен сауда-сервистік кәсіпорындарының қатысуымен өткен цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті болды. Цифрлық теңгенің енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді және инновациялық қаржы өнімдерін жасауға  мүмкіндік береді. Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге  2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін жеткізді.  Цифрлық теңгені айналымға енгізу  жоспары үш кезеңнен тұрады. Мемлекет басшысы жобаны одан әрі жүзеге асыру жөнінде міндет жүктеді.

Кездесу  соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыҰлттық банк

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz