Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Ең алдымен, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімге дайындығы жөнінде Президентке рапорт берді. Содан кейін Мемлекеттік әнұран шырқалып, Көк байрағымыз көтерілді.

05.06.2023
Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауымды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, олар егемендік пен елдіктің ең басты белгісі екенін атап өтті.

Президент қастерлі нышандарымызды құрметтеу әрбір азаматтың перзенттік парызы екеніне назар аударып, бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық мән-маңызына тоқталды.

Сонымен қатар Президент мемлекеттік рәміздер тарихымызды, өзіндік болмысымызды және халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысын айғақтайтынын атап өтті.

«Мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар. Айтулы мерекелер мен әлемдік дүбірлі спорт сайыстарында жеңіске жеткен кезде жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншілік оты лаулап, елімізге деген мақтаныш сезімі пайда болады. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – мемлекетіміздің мәртебесі, халқымыздың ар-намысы. Олар алға қарай нық қадам басып, биік мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-жігер береді», – деді Президент.

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.

Ту көтеру рәсіміне Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, мемлекеттік органдар басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыту

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz