Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Орман өрті бойынша министрлер мен әкімдерден жауап алынады – Бас прокуратура 

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс аясында министрлер мен әкімдерден жауап алу туралы сұраққа жауап берді.

14.06.2023
Саясат

Бүгін Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Бас прокурордың орынбасарынан бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен, Экология министрі Зүлфия Сүлейменовадан, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтан, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен орман өртіне қатысты жауап алу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің де іс-әрекеті әлі сараланбады. Тергеу жақында ғана басталды. Сондықтан лауазым иелері мен басқа да қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс бойынша статусы, іс-әрекеті сараланған жоқ», — деді Жандос Өмірәлиев

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу екі айға созылады.

«Дәл қазір тергеу амалдарына тартылуы тиіс адамдар өрт сөндіруге жұмылдырылған. Біздің басты мақсатымыз – өртті сөндіру. Сондықтан қазір біз олардың негізгі жұмысына араласпаймыз. Кейіннен олардан міндетті түрде жауап алынады. Қазіргі кезде басқа да тергеу амалдары ескерілген», — деді Бас прокуратура өкілі.

Бұл тұрғыда ол тиісті тергеу жоспары бар екенін, тергеушілер осы жұмыспен айналысып жатқанын айтты.

«Лауазым иелерінен жауап алудан бұрын, біз басқа да бірқатар мән-жайды анықтап, нақтылауымыз қажет. Сонымен қатар, қатардағы қызметкерлерден жауап алуымыз керек. Жалпы, іске қатысты адамдардың барлығы тергеледі», — деді ол.

Тегтер: Абай облысыБас прокуратураорманөрт

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz