Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы ұлттық нейрохирургия орталығын 15 жылдығымен құттықтады 

Елордадағы ұлттық нейрохирургия орталығының құрылғанына 15 жыл толды.

29.06.2023
Саясат

Мемлекет басшысы атынан құттықтауды ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқып берді.

«Сіздерді ұлттық нейрохирургия орталығының құрылғанына 15 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы кезеңде клиника Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінде нейрохирургия саласының көшбасшысына айналды. Сіздердің қажырлы жұмыстарыңыздың арқасында біздің отандастарымыз ең үздік әлемдік практика мен мен бірегей жоғары технологиялық емдеу әдістеріне қол жеткізіп отыр. Әлемдік медицина қоғамдастығы кеңінен мойындаған сіздердің ғылыми және кәсіби жетістіктеріңіз отандық медицинаның сапалы өсуінің жарқын үлгісі. Қазіргі таңда ұлттық нейрохирургия орталығы біліктігі жоғары медицина мамандарының шеберханасына, олардың кәсіби білім мен тәжірибе алмасуына қажетті алаңға айналды. Клиниканың дәрігерлері мен барлық қызметкері адал еңбек етіп, ұлтымыздың саулығын нығайтуға зор үлесін қосып келеді. Мемлекет денсаулық сақтау саласын кешенді түрде дамытып, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және оларды жан-жақты қолдау бойынша жүйелі шараларды қабылдап келеді. Керемет хирург және Қазақстанның нағыз патриоты Серік Қуандықұлы Ақшолақов бастаған нейрохирургия ғылыми орталығының ұжымына амандық, пациенттердің әрдайым сау-саламат болуын және ғылыми мен медицина саласында жаңа жетістіктерге жете беруді тілеймін», — делінген құттықтау хатында.

Айта кетейік, елордада отандық нейрохирургтардың V конгресі өтіп жатыр.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевқұттықтаумемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz