Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Енді бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек ғимаратта оқиды – министрлік

«Жайлы мектеп» жобасы аясында мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты.

24.08.2023
Саясат

«Ұлттық жоба аясында салынатын мектептер бұрын салынған мектептерден едеуір ерекшеленеді. Атап айтқанда, жайлы мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынып, пәндік кабинеттермен және зертханалармен толық жабдықталады. 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып оқушылары үшін ғимараттар бөлек блоктардан тұрады. Мектептің спорт залдары 1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналасады. Олар оқушылардың санына сай есептеледі. Әрбір мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған арнайы шеберханалар, студиялар қарастырылады. Осы және басқа да өзгешеліктер балаларымыздың тағдыры мен құзыреттілігін жан-жақты дамытуға бағытталған», — деді ол Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, қалаларда және белсінді дамып келе жатқан перспективкасы бар елді мекендерде жобалық қуаты 300-ден 2500-ге дейін 369 мектепті салу арқылы 740 мың жаңа оқушы орнын құру жоспарланып отыр.

«Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қажет барлық нормативтік базаны әзірлеп, қолданысқа енгізді. Бұл ретте мектеп салу кезінде туындайтын көптеген проблема ұлттық жобада ескерілді», — деді Ғалымжан Молдаш.

Тегтер: бастауыш сыныпмектеп

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz