Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Бұл бірлігіміздің арқасында қол жеткен жарқын жеңіс — Маулен Әшімбаев

Бұл халқымыздың бекем бірлігінің арқасында қол жеткізілген жарқын және айқын жеңіс. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысына байланысты ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Маулен Әшімбаев осылай деді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

21.11.2022
Саясат

«Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенті сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Соған сәйкес ел азаматтарының 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс бергені белгілі болды. Бұл – Мемлекет басшысының ауқымды реформалары мен бастамаларына деген халықтың қолдауы. Сондай-ақ азаматтарымыздың бекем бірлігінің арқасында қол жеткізілген жарқын және айқын жеңіс», — деп жазды Маулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ Сенат спикері сайлаудағы халықтың белсенділігін атап өтті сайлауға 8,3 млн адам немесе барлық сайлаушының 69,44 пайызы қатысқан.

Дауыс беру барысын бақылаған отандық және халықаралық бақылаушылар сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және ұлттық заңнамалар мен халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді.

«Осыған орай Қасым-Жомарт Кемелұлын және барша жақтастарын айқын жеңіспен тағы да құттықтаймын! Президентіміздің саясаты аясында бәріміз бірге жаңа, өркендеген, демократиялы және әділетті Қазақстан құрамыз деп толық сенемін», — деді Маулен Әшімбаев.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz