Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Астананы бірлік пен берекенің бесігі деуге толық негіз бар – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Астананың 25 жылдығы егіз қалалардың мерейтойлық форумында сөз сөйледі.

05.07.2023
Саясат

«Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты. Бүгінде Астана жан-жақты әрі қарқынды дамуда. Елордамыздың халықаралық беделі артуда. Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атанды. Бас қаламызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті. Қазір Астана – дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – соның айқын көрінісі. Елорда төрінде түрлі конфессия өкілдері бас қосты», — деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев елордада өткен ауқымды іс-шаралар мен танымал дін өкілдерінің келгенін еске алды.

«Астанаға Рим папасы арнайы келгенін білесіздер. Кезінде аса мәртебелі ІІ Иоанн Павел қонақ болды. Былтыр аса қадірлі Франциск келді. Олар Қазақстанның әлемдік руханиятты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Біздің игі бастамаларымызға қолдау білдірді. Бұл – біз үшін зор мәртебе. Астана – діннің басын қосқан, дінбасылардың дәстүрін тоғыстырған шаһар. Бұдан бөлек, елорда төрінде талай мәрте дүбірлі додалар мен халықаралық сайыстар өтті. Бір сөзбен айтқанда, Астананы бірлік пен берекенің бесігі деуге толық негіз бар. Қазір Астанада Алматы, Ақмешіт, Орынбор, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық көшелері бар. Бұл – елдік пен мемлекеттілік тарихының нақты көрінісі. Астана – еліміздің жүрегі. Бұл қалада ең маңызды шешімдер қабылданып жатыр. Келешекте де лайым солай болмақ», — деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: 25 жыластанамемлекет басшысыфорум

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 33 мың гектардан астам жердің су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысында Джеки Чанның атын жамылған алаяқ қарияны алдамақ болды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысындағы таулы аймақта Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Іле ауданының мақтанышы: Жансая Ержан екі дүркін Азия чемпионы

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

«Әкем әлі тірі жатқан»: Алматы облысындағы өлімге қатысты тың деректер айтылды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz