Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Қуантыров Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша Дүниежүзілік банктің жаңа вице-президенті Антонелла Басанимен кездесті.

16.04.2023
Саясат
Фото: ҚР ҰЭМ

Фото: ҚР ҰЭМ

Қазақстандық делегация мүшелері Дүниежүзілік банк өкілдерімен энергетикалық тұрақтылық және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДБ мен ХВҚ-ның жыл сайынғы көктемгі сессиялары аясында Орталық Азия елдерінің өкілдері және ДБ өңірлік директорларының қатысуымен «Орталық Азиядағы байланыс және электр энергиясының саудасы» атты кездесу өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Орталық Азия елдері арасындағы энергетикалық өзара байланысты жақсартуға бағытталған жобаны іске асыру және қаржыландыру жөніндегі ДБ бастамасын талқылады. Өңірлік жоба елдер арасында энергетикалық ресурстарды тең бөлу үшін бірыңғай пилоттық сауда алаңын құруды көздейді.

Ә. Қуантыров өз сөзінде атап өткендей, Банк бастамасы маңызды және уақтылы. Сондай-ақ, ол 2060 жылға қарай декарбонизацияға аймақтағы барлық елдердің жаңартылатын энергетикалық ресурстарды пайдалану арқылы қол жеткізуге болатынын айтты.

«Біз халықаралық инвесторлармен жел энергетикасы саласындағы бірнеше ірі жобаларды іске асыруды және ашық бәсекелестік тәжірибе арқылы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді ҰЭМ басшысы.

Сонымен қатар, Ә. Қуантыров Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша Дүниежүзілік банктің жаңа вице-президенті Антонелла Басанимен кездесті.

Тараптар Дүниежүзілік банктің серіктестік кезеңінде көрсетіп жатқан көмегін, сондай-ақ Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу серпінін, елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру барысын талқылады.

«Дүниежүзілік банкпен негізгі ынтымақтастық инфрақұрылымдық жобаларға, энергетикаға, білім беру жүйесін жаңғыртуға, цифрландыруға бағытталуы тиіс», — деді министр.

Тегтер: Әлібек Қуантыровкездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz