Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еліміздегі жылу, сумен жабдықтау желілерінің 50 пайыздан астамы тозған

Еліміздегі жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу деңгейінің орташа көрсеткіші 53% деп хабарлайды Alataunews.kz.

29.11.2022
Жаңалықтар

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, соңғы 7 жылда тозу деңгейінің жалпы көрсеткіші 13 пайызға төмендеген.

ТЖМ республикалық дағдарыс орталығы және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы басталғаннан бері еліміз бойынша 26 технологиялық ақау орын алған, оның ішінде:

  • автономды қазандықтарда – 2 (Ақмола және Алматы облыстарында);
  • жылумен жабдықтау желілерінде – 11 (Жетісу – 1, Қарағанды – 7, Павлодар – 1, Астана — 1, Алматы — 1);
  • сумен жабдықтау желілерінде – 13 (Абай – 1, Ақмола – 2, Алматы – 1, ШҚО – 1, БҚО – 1, Қарағанды – 1, Павлодар – 1, СҚО – 2, Ұлытау – 1, Астана — 2).

«2015-2022 жылдар аралығында әртүрлі қаржыландыру көздерінен жылу жүйелерінің құрылысы, реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына 344 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 3 667 км инженерлік желі салынып, қайта жаңартылған. Осылайша, жалпы тозу деңгейі 65%-дан 53 пайызға дейін төмендеді. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 51%-ға түсіру жоспарланды», — деп жазды ведомстводан.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын 45%-ға дейін азайту көзделіп отыр.

Тегтер: жылуҚазақстансу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz