Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде журналистің жұмысына кедергі келтіретіндерге жауапкершілік күшейтіледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

12.01.2023
Жаңалықтар

Онда көрсетілгендей, кодекске журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасаған үшін жауапкершілікті күшейту нормасы енгізілмек.

«Статистикаға сәйкес, соңғы 5 жылда ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы (журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға мәжбүрлеу не оны таратудан бас тарту арқылы, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі келтіретін не оны осы мүмкіндіктен толығымен айыратын жағдайлар жасау арқылы кедергі жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің небәрі 9 фактісі тіркелді. Бұл бірінші кезекте әкімшілік жауапкершілікті қосымша енгізу қажеттігін көрсетеді», — делінген құжатта.

Мұны жүзеге асыру үшін министрлік журналистің кәсіби қызметін реттейтін Қылмыстық кодекстегі 158-баптың бірінші бөлігін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске көшіреді.

Құжатты ашық талқылау 31 қаңтарға дейін жалғасады.

Тегтер: журналист

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz