Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейтіні белгілі болды

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 434 шетел азаматы еңбек етіп жатыр.

28.10.2022
Жаңалықтар

Еңбек мигранттары негізінен Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және Ұлыбританиядан келеді. Қытайдан 3 539 адам, Үндістаннан 1 801 адам, Түркиядан 1 707 адам, Өзбекстаннан 1 487 адам, Ұлыбританиядан 1 125 адам келді, – делінген Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар.

Оларда 399 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы. Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтары ең көп жұмыс істейтін салалар: құрылыс саласында – 6 137 адам (40%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 515 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 211 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 143 адам (8% ); өңдеу өнеркәсібі – 1 071 адам (7%).

Тегтер: жұмысҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz